Астанада қазақ батыры туралы комикс таныстырылды

Бүгін Астана қаласындағы “Меломан” кітап дүкенінде “Мерген” комиксінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ

Тұсаукесер рәсіміне комикс авторлары Бек-Ата Даниял мен суретші-иллюстратор Мағира Тлеубердина қатысып, оқырмандар мен келген қонақтардың сұрағына жауап берді. 

Комикстің негізгі мақсаты – комикс саласын дамыту. Екіншіден, жастарымыздың тарихи тұлджастарымыздың тарихи тұлғаларға назар аудару болатын және де осы батырлардың сурет арқылы, сол комикс арқылы көрсеткіміз келген, – деді суретші Мағира Тілеубердина.

Кейіпкер туралы ақпарат кітаптардан жиналған. Көз майын тауысатын жұмыс бірнеше айға созылды. Комикс төрт бөлімнен тұрады. Бұл авторлардың алғашқы еңбегі емес. Бұған дейін де қазақ аңыздары мен мифологиясына негізделген бірегей сюжеттер шетелдіктерге таныстырылған еді.

Жоба таныстырылымын жүргізген медиаменеджер Мақпал Жұмабайдың айтуынша, бұл жобаны қазақстандық комикс өнерін жаңа бағытқа бастайтын батыл бастама екенін айтты.

“Мерген” – қазақстандық комикс өнерін жаңа бағытқа бастайтын батыл бастама. Жоба оқырмандардың қазақ тарихы мен мифологиясына деген зор қызығушылығын тудыратыны анық, – деді Мақпал Жұмабай. 

Комикс қазақ ертегілері мен аңыздарының негізінде жазылған. Қазақ мифологиясының негізгі кейіпкерлері – комикс өзегі. Ал комикстің басты кейіпкері – Мерген батыр. Ол соғыстан оралған соң тыныш өмір іздегенімен, шайқастарға қайта оралуына тура келеді. Бұл жолы ол халқын тылсым жаулардан қорғайды.

“Мерген” комиксі адамзатты адамгершілікке, батырлыққа, батылдыққа, адалдыққа, қорқыныштарға қарсы жүруге шақырады. Комикстің алғашқы шығарылымы қазақ мифологиясында өзіндік орны бар Жезтырнаққа арналған. 

Биыл жобаның 4 санын шығару жоспарланған. Авторлар комиксті Қазақстан нарығымен қатар, халықаралық нарыққа да шығаруды көздейді.

Сценарий авторы 24 жасар Бек-Ата Даниялдың жұмыстары Olympia Publishers, Markosia секілді британдық комикстер баспасында жарияланған. Ал суретші Мағира Тлеубердина – “Қабанбай” комиксінің авторы, 2 баланың анасы.  Астана қаласындағы танымал муралдың бірі (Мүсірепов көшесі 7) «Peace» нобайының авторы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы