Астанада қай күні сабақ болмайды
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев күн қандай болғанда сабақ қашықтан өткізілетінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астананың ауа райы өте құбылмалы, тез өзгеріп отырады. Сол себепті нақты алгоритм бекітіп, сол бойынша жұмыс істейміз, - деді Білім басқармасы басшысы.
Ол алгоритм қандай екенін айтып берді:
- егер ауа температурасы -25 градустан жоғары болса, онда 0-4 сыныптар аралығындағы бастауыш сынып оқушылары;
- -29 градустан жоғары болса, 0-11 сынып оқушылары.
Кейде желдің күшеюіне байланысты да өзгерістер жасалады. Көп жағдайда -22 градус болса, қала тұрғындары сабақты қашықтан өткізуді сұрайды. Бірақ біз нақтыланған алгоритммен жұмыс істеп отырамыз. Біз ең алдымен «Қазгидрометтің» берген ақпаратына сүйенеміз. Себебі біз мемлекеттің мекемеміз. Сондықтан сабақтың форматын солардың ақпаратына сүйеніп жасаймыз, - деді Сенғазыев.
Оның сөзінше, балалардың мектеп қабырғасында білім алғаны дұрыс.
Себебі пандемия уақытында онлайн сабақтардың берілуін, оның сапасын көрдік. Сапаның қаншалықты төмендегенін де байқадық. Кейін сапаны қайта орнына келтіруге 1,5-2 жылдай уақыт кетті, - деп түсіндірді Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.