25 Қараша 2025 2025, 23:12
Фото: pixabay.com
Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт ашылады
2026 жылы Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылы Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада қалдықтарды өңдейтін жоғары технологиялық кешен салу жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Астана әкімдігі қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойған. Бұл туралы Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Жаңа зауыт тәулігіне 1,5 мың тонна қалдықтарды кәдеге жаратуға және 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында басталады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 36 ай, – деді Жеңіс Қасымбек.