Астанада қашан қар жауатыны белгілі болды

Қазақстан бойынша 4-6 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны белгілі болды. Қазгидромет 3 күнге болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік-батыс циклонының ықпалына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде боран, көктайғақ болуы ықтимал.

Тек 4-5 желтоқсанда батыс өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Температурада елеулі өзгеріс болмайды.

Астана қаласы

4 желтоқсан:
Бұлтты ауа райы. Түнде – қар, күндіз – қар мен жаңбыр. Тұман, көктайғақ, төмен боран байқалады. Жел батыстан, 9-14 м/с.
Температура: түнде –2…–4°, күндіз 0° шамасында.

5 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, түнде қар, боран, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с.
Температура: тәулік бойы –0…–2°.

6 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, күндіз қар, боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с.
Температура: түнде –3…–5°, күндіз –0…–2°.

Алматы қаласы

4 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с.
Температура: түнде –0…–2°, күндіз +9…+11°.

5 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с.
Температура: түнде –1…–3°, күндіз +7…+9°.

6 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с.
Температура: түнде –1…–3°, күндіз +5…+7°.

Шымкент қаласы

4 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с.
Температура: түнде +1…+3°, күндіз +8…+10°.

5 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, кей уақытта жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с.
Температура: түнде +3…+5°, күндіз +6…+8°.

6 желтоқсан:
Өзгермелі бұлттылық, жауын-шашын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с.
Температура: түнде +2…+4°, күндіз +5…+7°.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы