Астанада қашан қар жауатыны белгілі болды
"Қазгидромет" болжауынша, Астанада қазан айының соңында қарлы жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, алдағы күндері Астанада құрғақ және салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.
21 қазан: Кейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнгі температура –5-тен –7 градусқа дейін, күндіз +10–дан +12 градусқа дейін.
22–23 қазан: Кейде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел оңтүстік-шығыстан әлсіз. Түнде –5-тен –7 градусқа дейін, күндіз +11 градусқа дейін.
24–25 қазан: Ауа райы ептеп жылынады. Түнде 1–3 градус жылы, күндіз +12 градусқа дейін, жауын-шашын жоқ.
26 қазанда Астанада жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан 7–12 м/с. Түнгі температура 0-ден –2 градусқа дейін, күндіз +7–ден +9 градусқа дейін болады, - деп жазылған хабарламада.
27–29 қазан: Ұқсас ауа райы сақталады. Түнде жаңбыр мен ылғалды қар, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыс және батыстан, 18 м/с-ке дейін соғады. Түнгі температура 0-ден +4 градусқа дейін, күндіз +11 градусқа дейін.
30–31 қазан: Жауын-шашын тоқтайды. Кейде бұлтты, түнде –1–ден –3 градусқа дейін, күндіз +6–дан +8 градусқа дейін болады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын жариялаған.
Сондай-ақ, 2025-2026 жылы Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлаған.