Астанада қашан қар жауады? – Синоптиктер болжамы

Синоптиктер Астанада қашан қар жауатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астанада әзірге күзгі ауа райы сақталуда. Бірнеше күннен бері күн бұлтты, жаңбыр жауып, қаланы тұман басқан.

Қар жоқ. Күн жылынып, бұған дейін жауған қар еріп кетті. Бұл Астана қысы үшін әдеттегіден тыс жағдай. 

Жылда Астанада қазанның соңына қарай қар жауып, көктайғақ болып, желтоқсанға қарай тұрақты қысқы ауа райы орнайтын. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, қар 27 қарашада түсуі мүмкін. Кей жерлерде боран мен көктайғақ болуы ықтимал.

Түнде де, күндіз де температура 0–2 градус аяз болады, жел солтүстік-батыстан соғады, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжамды деректері бойынша, желтоқсанда Астанада қарлы күндер көбейеді. 

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы