Астанада қарулы азамат бірнеше адамды кепілдікке алды

Оқыс оқиға Астанадағы Каспий банк филиалдарының бірінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.

Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы