2 Тамыз 2026, 08:20
Фото: pixabay
Астанада Қарқаралы тасжолының бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді
Қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес береді.
Астанада Қарқаралы тасжолының айналма жолдан «Лесная поляна» шағынауданына дейінгі бөлігінде 1–5 тамыз аралығында қозғалысқа ішінара шектеу қойылады.
Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету қызметінің мәліметінше, шектеу жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Осы кезеңде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта да ұйымдастырылады.
Қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес береді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.