11 Наурыз 2025 2025, 00:13
Фото: архив
Астанада қарлы боран: құтқарушылар үндеу жасады
Астана қаласында ертеең, 11 наурыз күні кей уақыттарда қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Осыған байланысты елорда құтқарушылары үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласында ертеең, 11 наурыз күні кей уақыттарда қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Осыған байланысты елорда құтқарушылары үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін.
Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған орай, Астана қаласы ТЖД қатты жел және бұрқасын кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- "112" құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде оларға назар аударыңыз;
- Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты назарда ұстаңыз;
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпаңыз, жаяу жүрмеңіз;
- Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз;
- Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;
- Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көрінуді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз;
- Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
- Көшеде ұзақ тұрмаңыз – аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.
- Төтенше жағдайлар туындаған кезде "101" және "112" нөміріне хабарласыңыздар!