Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты

Қаланың коммуналдық қызметтері жолдарды, орталық көшелерді, тротуарлар мен аялдамаларды тәулік бойы екі ауысымда тазартады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәселен, 21 қарашадағы түнгі ауысымда 900-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшылары қар тазалау жұмыстарына тартылды.

Бір күнде полигондарға 1408 рейспен 18 мың текше метрден астам қар жеткізілді.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 43 832-ден астам рейспен 556 мың текше метр қар шығарылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады.
Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы