Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

26 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. 

26 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 613 рейс арқылы 8 мың текше метрден астам қар шығарды. 

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды жинау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады. Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 498 мың рейс арқылы шамамен 6,7 миллион текше метр қар шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы