Астанада қар күреуге 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Елорданың коммуналдық қызмет мамандары қала бойынша қар тазалауды күшейтілген режимде жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнгі ауысымда қар тазалауға 2,3 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2 наурыздан 3 наурызға қараған түні Астанада 2,3 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 1,3 мың арнайы техника жұмылдырылды.

3 наурызға қараған түні қаладан 2 мыңнан астам ауыр жүк рейс арқылы 26,5 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басынан бері полигондарға 419 мың жүк көлігімен 5,67 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы