Астанада қандай көшелер жөнделеді
Астанада ауа райы қолайлы болғандықтан жол жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл 50-ден астам көшені жөндеу жоспарланып отыр, сондай-ақ 200-ден астам көшенің шұңқырлы тұстары жөндеумен қамтылады.
Мысалы, орташа жөндеумен жалпы ұзындығы шамамен 60 км болатын көшелерді қамту жоспарланып отыр. Көшелер тізбесіне: Республика даңғылынан Амман көшесіне дейінгі Тәшенов көшесі; Тәуелсіздік даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі Б.Момышұлы даңғылы; Керей Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі Тұран даңғылы (2023 жылы Тұран даңғылының бойында Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілді); Кенесары көшесі Е. Брусиловский көшесінен А. Сембинов көшесіне дейін; Сарайшық көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін; Сарыарқа даңғылы Т.Шевченко көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін; Қараөткел көпірі көлік айрығынан Қабанбай батыр даңғылына дейін және т.б.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта күй Дина көшесі Тәуелсіздік даңғылынан Жұмабаев даңғылына дейін, Қосалқа көшесі, Рысқұлбеков көшесі Абылайхан даңғылынан бастап, Шарль де Голь көшесі Амман көшесінен Тілендиев даңғылына дейін, Балқантау көшесі Обаған көшесінен Қордай көшесіне дейін, Айнакөл көшесі, Промышленный тұрғын алабының көшелері, Тоқпанов көшесі Момышұлы даңғылынан Әлімбаев көшесіне дейін, Комсомольский тұрғын алабы, Пушкин көшесі Можайский көпірінен Кенесары көшесіне дейін, Асан Қайғы көшесі Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін, Сейфуллин көшесі Республика даңғылынан Бейсекбаев көшесіне дейін, Сембинов көшесі Жиенқұлова көшесінен Иманов көшесіне дейін, Бараев көшесі, Тостой көшесі, Құлтөбе көшесі, Лесозавод тұрғын алабы (Кеменгерұлы көшесі, Малахов көшесі, Шиелі көшесі), Сейдалин көшесі Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейін, Тілендиев даңғылы қиылысынан Шұғыла көшесіне дейін, Әуезов көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін және т.б. көшелерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ, қаланың бірқатар көшесіндегі ақауларға байланысты осы учаскелерге жауапты мердігер ұйымдар кепілдік міндеттемелеріне сәйкес жол төсеміндегі кемшіліктері бойынша жөндеу жүргізеді. Бұл көшелер:
1. Еңлік Кебек көшесінің Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейінгі аралығы – «РЕКМА КЗ» ЖШС;
2. Жетіген көшесінің Алаш тас жолынан Ж.Досмұхамедұлы көшесіне дейінгі аралығы – «Сотис групп» ЖШС;
3. А.Иманов көшесінің А.Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы – «Айя Сервис» ЖШС;
4. Алаш тас жолының жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейінгі аралығы – «Айя Сервис» ЖШС;
5. Жеңіс даңғылының Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралығы – «Сотис групп» ЖШС;
6. Р.Қошқарбаев даңғылының Қордай көшесінен М.Төлебаев көшесіне дейінгі аралығы – «Сотис групп» ЖШС;
7. Мәңгілік Ел даңғылының М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі аралығы – «Компания Энергодор» ЖШС;
8. Қабанбай батыр даңғылының Сарайшық көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралығы – «Сотис групп» ЖШС.
Мұндай тәжірибе мердігерлер сапасыз жұмысты қайта жасаған кезде қолданылады.
Сонымен қатар, 20-дан астам ірі нысанды іске асыру жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі биыл аяқталады, бір бөлігінде құрылыс жүріп жатыр, сондай-ақ жаңа құрылыс басталады.