10 Қараша 2024 2024, 15:10
Астанада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Астанада қала маңындағы екі автобус қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада қала маңындағы екі автобус қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты №317 және №329 қала маңындағы автобус бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды, – делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, қалған қала маңындағы бағыттар әдеттегідей жұмыс істеп тұр.