22 Желтоқсан 2023 2023, 08:38 Фото: baq.kz

Астанада қала маңына қатынайтын 11 автобус қозғалысын тоқтатты

Ауа райының нашарлауынан елорда маңындағы елді мекендерге баратын қоғамдық көліктер қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының нашарлауынан елорда маңындағы елді мекендерге баратын қоғамдық көліктер қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 желтоқсан, сағат 05:15-ке өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қаламаңы бағдарлар линияда, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Айта кетейік, синоптиктер 13 өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Астанада қар жауып, тұман түседі.