Астанада қала күнінде отшашу бола ма?

Астана әкімдігі Елорда күніне орай отшашу болмайтынын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды. 

Бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып отыр. 

Олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.

Биыл қала күні отшашу болмайды. Дегенмен, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғыны мен қонағы үшін тегін, - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысан да ашылады. Соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар және үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы