Астанада қала күнін мерекелеу қалай өтіп жатыр

Астананың 26 жылдығына орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды, олар – концерттік бағдарламалар, фестивальдар, спорттық турнирлер, конкурстар және т.б., деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңертеңнен бастап Астананың бес ауданында мерекелік концерттер, спорт жарыстары мен балаларға арналған конкурстар өтеді. Қала шетінде тұрғын алаптарында сағат 11.00-ден бастап «Астана – жүрегім» концерттері ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет және Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздары өнер көрсетеді.

Сағат 15.00-де «Бәйтерек» алдында қазақстандық орындаушылардың қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де қала алаңында «Театрлы Еуразия» Халықаралық театрлар фестивалінің ашылуы өтті. Театр шеруі қала алаңынан басталып, Орталық саябаққа дейін жалғасады. Бейне бір тірі әсер беретін мүсіндер, Walking act «Cosmo» спектаклі, «Алтын періштелер» перфоманс-шеруі, «Королевский жираф» театры, Астана қаласының «Қуыршақтар театры», Мұрат Мутурганов театры және басқа да театрлар өздерінің қойылымдарын ұсынады.

Отбасылық демалыс үшін Орталық саябақта сағат 12:00-ден бастап «Мегеке street» жазғы жобасы өтеді. Бұл шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы кинотеатры бар барлық жастағы қала тұрғындары үшін ерекше мереке болмақ.

6 шілде күні сағат 20:00-де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана – арман қала» мерекелік концерті өтеді. Концертте белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахимқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Акимхан Маженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM» Заманауи би балеті өнер көрсетеді.

6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтеді.
Іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T'OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15-те (22:30) «ASPAN» дрондар шоуы жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат іске қосылады, оның ішінде 70 аппарат – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоулар қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Елорда күніне ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Арасында ең ірілері: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Толағай алыптар сайысы» республикалық іріктеу турнирі, ат жарысы (конкур), «Елорда Кубогы» республикалық бәйге турнирі, «Ел жүрегі – Астана!», әуесқойлар арасындағы теннис чемпионаты.
Ірі іс-шаралармен қатар Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында волейболдан турнир, асық атудан «Астана сақасы» ашық турнирі (ерлер, әйелдер), мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен чемпионат, Сарыарқа ауданының тұрғындары арасында ұлттық ойын түрлері бойынша жарыстар өтетін болады.

Сонымен қатар, 7 шілдеде ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтеді. Кеш қонақтары: «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «made in KZ» тобы, Ибрагим Ескендір және «Алтын Домбыра» балалар шығармашылық орталығы, «Assyl» тобы, Kalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы