8 Мамыр 2024 2024, 13:25

Астанада полиция балшыққа батқан баланы құтқарып қалды

7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүріп, судағы допты алып шықпақ болғанда балшыққа батып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүріп, судағы допты алып шықпақ болғанда балшыққа батып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған. ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы Сұлтан Орынбек жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.