Бүгiн 2026, 14:59 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада полицейлерді балағаттаған тұрғын 3 жылға сотталып кетті

Полиция қызметкерлерін қорлап, күш қолданған.

Астанада полиция қызметкерлерін балағаттаған тұрғын 3 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында алкогольдік масаң күйде болған ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, олардың атына балағат сөздер айтып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Сондай-ақ қарсылық көрсетіп, оларға қол көтерген.

Құқыққа қарсы әрекеттердің салдарынан полиция қызметкерлеріне денсаулыққа зиян келтірмейтін дене жарақаттары келтірілді. Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынды. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрғандар ұсталды.

Сондац-ақ, Атырау облысында полицейлерге шабуылдан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Астанада пышақ кезенген ер адам тұрғындардың үрейін ұшырды

Астанада фельдшерді ұрған ер адам ұсталды

Астанада клиенттерге "күш-қуат" арттыратын қоспа сатқан фитнес-жаттықтырушы ұсталды