Астанада полицейлер төбелесті тоқтатты

Астанада тұрғын үйлердің бірінің жанында жастар арасында төбелес болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін «102» арнасына Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиғаға қатысушылардың барлығы Алматы ауданының ПБ-на жеткізілді.

ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы