Астанада полицейлер қымбат иіссу ұрлаған жас жігітті ұстады

Полицияға ЖШС-нің әкімшісі хабарласып, белгісіз біреу дүкенге келіп, қымбат иіссуды ұрлап кеткенін айтып арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.


«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы елорда тұрғынын ұстады. 

Тергеу барысында күдіктінің күндізгі уақытта сағат 11:30 шамасында Қошқарбаев көшесінің бойындағы парфюмерлік дүкендердің біріне келгені анықталды. Содан жас жігіт ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, құны 50 мың теңгеге жуық тұратын «Lacostene Essenial» маркалы иіссуды ұрлап алып, дүкеннен шығып кеткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және сауда орындарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы