Астанада полицейлер 35 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады
Елімізде 29 ақпанға дейін «Борышкер» және «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz-тің жазуы бойынша, полицейлер жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған жүргізушілерді анықтайды.
Мәселен, полицейлер Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісінің 15 млн теңге берешегі бар. Екіншісі, 35 млн теңгеден астам сомада берешегі бар Volkswagen Passat автокөлігінің иесі. BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, әкімшілік бұзушылықтар бойынша берешегі шамамен 2 млн теңгені құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті!
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы