27 Тамыз 2026, 21:49
Фото: Скриншот
Астанада подъезд терезесінен дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттер үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Астанада полиция Әйтеке би көшесіндегі көпқабатты үйдің подъезд терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады.
43 жастағы елорда тұрғыны ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттер үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.