Бүгiн 2026, 14:19 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада пештегі тамақтан өрт шықты

Табадағы майдың жануы пәтердегі өртке себеп болған.

Астанадағы Қалдаяқов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты. 22 қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерден өрт шыққан.

Оқиға орнына жедел жеткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері өртті қысқа уақыт ішінде сөндірді. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құраған.

Үй тұрғындары өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше сыртқа шығып үлгерген.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына табадағы майдың тұтануы себеп болған.