Астанада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтеді
2026 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті, бесінші отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отырыс барысында Парламенттің кадрлық мәселелерге қатысты өкілеттіктері талқыланатын болады.
Еске сала кетейік, Жұмыс тобының алдыңғы отырыстарында болашақ бірпалаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктері, депутаттарға қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, квоталау мәселелері, сондай-ақ жаңа бірпалаталы заң шығару органының заң шығару қызметінің негізгі қырлары қамтылған бірқатар өзекті тақырыптар қаралған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматыдағы атом саласының ғылыми-техникалық базасы жаңғыруда
Өзгелердің жаңалығы