Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай кіруге болады?

8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Асық ату, Ордо, Арқан тарту, Қазақ күресі, Ашыртмалы аба гүреши, Құраш, Кораш, Алыш, Мас-рестлинг, Дәстүрлі садақ ату сияқты жарыстардың түрлеріне билеттер онлайн-сатылымда бар, деп жазды әкімдіктің ресми сайты.

5 тамыздан бастап барлық ниет білдірушілер үшін ойындардың ашылу салтанатына билеттер қолжетімді болады.

Халықтың кейбір санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/kz.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Сонымен қатар дайындық аясында елорда осы ауқымды іс-шараның бірегейлігін көрсететін шағын архитектуралық нысандармен безендірілген.

Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы