Астанада Отбасы күніне арналған "Otbasy Fest" фестивалі өтті

Астанадағы "Жетісу" саябағында Отбасы күніне орай кең ауқымды "Otbasy Fest" фестивалі ұйымдастырылды. Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, БҰҰ халықты орналастыру қоры (ЮНФПА), Ұлыбритания Елшілігі, "Senim Qogamy" қоғамдық қоры және қала әкімдігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фестиваль жүздеген отбасыны біріктіріп, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аясында концерттер, шеберлік сабақтары, балаларға арналған спорттық және шығармашылық сайыстар, сондай-ақ интерактивті алаңдар ұйымдастырылды. Сонымен бірге ата-аналарға бала тәрбиесі, репродуктивті денсаулық пен әке жауапкершілігі тақырыптарында мамандардың дәрістері мен кеңестері ұсынылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов құттықтау сөзінде іс-шараның мәніне тоқталды.

Фестиваль отбасылық құндылықтарды нығайтуға, жас жұбайларды қолдауға және азаматтарды берік әрі бақытты отбасын құруға ықпал ететін жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз, – деді ол.

«Otbasy Fest» мемлекет, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың айқын үлгісіне айналды. Фестиваль қатысушыларға ерекше әсер сыйлап қана қоймай, отбасы бірлігі мен жауапкершілігі сияқты маңызды құндылықтарды дәріптеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы