Елордада отбасылық суреттер фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы қазақстандықтар мерекені 8 қыркүйекте атап өтеді. Дәстүр бойынша, ең алдымен, отбасылық құндылықтарды мен неке мәртебесін  нығайту бағытында аталмыш күн қарсаңында елордада көптеген іс-шаралар жүргізіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Бұл күндері Астана кітапханаларында "Отбасы – Өнеге айнасы" атты кітап көрмесі, оқушылар сарайында "Менің Отбасым" атты фотокөрме, ал қалалық емханаларда – Ашық есік күні өткізіледі.

Бүгін  қаланың барлық мектептерінде "Отбасы – Бақыт мекені" сынып сағаттары, сондай-ақ отбасы тақырыбында шығармалар мен эссе байқауы өткізілмек. Сонымен қатар осы күні «Ұрпақ тәрбиесіндегі отбаслық құндылықтар» тақырыбында «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының 3-ші маусымының ашылуында жоспарланған. Шара жақында ашылған "Жанұя"орталығында өтетін болады. Мұнда бір-бірінен бөлек тұратын ата-аналар үшін психологиялық консультациялар (сотқа дейінгі реттеу) ұйымдастырылады.

Сарыарқа ауданының АХАТ бөлімінде 55 және одан да көп жыл некеде тұрған ерлі-зайыптылар құрметке ие болмақ. Елордалық балалар үйінде бұл күні бір немесе бірнеше балаға аз болады, өйткені мұнда жаңа патронаттық отбасы құрылатын болады. Ал №3 Перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелерді салтанатты түрде тіркеу жүргізіледі. Сонымен қатар бүгін және ертең М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайының қызметкерлері арасында отбасылық фотосуреттер фестивалі өтуде. 7 қыркүйекте «Қазақстан» ОКЗ еліміздің Тұңғыш Президенті бекіткен «Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды. Келесі күні "Жастар" сарайында «Денсаулық қалашығы» бастау алып, акция аясында аниматорлар мен қуыршақтардың қатысуымен концерттік бағдарлама, сондай-ақ отбасылық сайыс өткізіледі. 10 қыркүйекте «Жанұя» орталығында әйелдер көшбасшылығы мектебі, сонымен қатар мамандар учаскелік инспекторларға арналған семинар-тренинг өткізеді. Күндіз № 2 өнер мектебі «Біз бақытты отбасы балаларымыз» атты концерттік бағдарламаға шақырады.

13 қыркүйекте Бурабай кентінде республикалық әкелер форумы, ал «Жанұя» орталығында «Отбасылық құндылықтар. Гендерлік мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына үздік билборд эскизіне байқау өткізіледі.. Күндіз қаланың бірнеше мектептерінде «Әке, ана және мен – спорт сүйер жанұя» отбасылық эстафетасы өтеді. 21 қыркүйекте қаланың оқу орындарында Отбасы тәрбиесі туралы психологиялық тренинг, ал 30 қыркүйекте балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы