Астанада орталық мемлекеттік органдар арасындағы Спартакиада басталды
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысатын республикалық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Биылғы жарысқа 26 мемлекеттік мекемеден 20-дан астам команда, жалпы саны 1000-ға жуық қатысушы қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин өз құттықтау сөзінде: Бұл жарыстың басты мақсаты – спорт арқылы ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу, мемлекеттік қызметшілер арасындағы достық пен сыйластықты арттыру, – деп атап өтті.
4-7 қыркүйек аралығында спортшылар волейбол, футзал, қазақ күресі, үстел теннисі, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат және 3х3 баскетбол түрлерінен бақ сынайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Найзағай, бұршақ: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы