Астанада «Орталық Азия – Ресей» сарапшылар форумы басталды
Бүгін Астанада екі ел арасындағы дамудың өзекті мәселелері талқыланатын сарапшылар форумы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Астанада екі ел арасындағы дамудың өзекті мәселелері талқыланатын сарапшылар форумы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Форумды «Орталық Азия – Ресей» саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей Ғылым академиясының Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастыруда.
Сондай-ақ форумға арнайы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдің талдау орталықтарының басшылары, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сарапшы мамандар қатысуда.
Форум аясында аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Орталық Азия мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту бағыттары және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Форумда сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы реформа туралы таныстырып, жыл аяғына дейін 20-дан аса заң қабылдау көзделіп отырғанын баса айтты.Сондай-ақ ол геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған кезеңде парламентаралық ынтымақтың маңыздылығына тоқталды. Орталық Азияның бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу өңірі болуына бәрі мүдделі. Бірақ, Ауғанстандағы жағдай – есірткі трафигі, шекара маңындағы келеңсіздіктер, су ресурстарының шектеулігі мен экологияға байланысты бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталды.