Астанада Орталық Азия онкологтарының апталығы өтіп жатыр

Елордада алғаш рет «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауқымды жиын Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты түрлі елдердің жетекші мамандарының басын қосып отыр.

Аталған конференцияны өткізудің басты мақсаты – онкологиядағы озық тәжірибе және біліммен алмасу. Қол жеткізілген нәтижелер барлық қатысушыларға, соның ішінде ең алдымен, елдің онкологиялық қызметіне пайдалы болады деп үміттенемін. Ал ұсынылған ұсыныстар практикалық қызметте өз қолданысын табады, - деп атап өтті Ұлттық ғылыми онкология орталығының басқарма төрағасы Санжар Шалекенов.

Конференцияның өтуіне Ұлттық ғылыми онкология орталығы мұрындық болып отыр. Халықаралық іс-шара бағдарламасы заманауи онкологияның өзекті мәселелерінің кең ауқымын қамтыған. 

Мәселен олардың қатарында онкологиялық ауруларды емдеудегі жекелеген тәсілдер, радиациялық онкология және ядролық медицина, паллиативтік көмек салалары қамтылған. 

Сондай-ақ онкоурология және стереотактикалық СТ емдеу бойынша екі шеберлік сағаты өтеді.

Апталық аясында медициналық техниканы, дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші жетекші фирмалардың көрмесі назарға ұсынылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы