Астанада "Орталық Азия – Италия" алғашқы саммиті өтіп жатыр
Астанада Орталық Азия елдері басшылары мен Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің қатысуымен “Орталық Азия – Италия” форматындағы алғашқы саммит басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада Орталық Азия елдері басшылары мен Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің қатысуымен "Орталық Азия – Италия" форматындағы алғашқы саммит басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Саммит жұмысына Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысуда. Басты мақсат – саяси диалогты күшейту, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Италия мен өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындау.
"Орталық Азия плюс" форматы бүгінде өңірден тыс серіктестермен тұрақты диалог құру алаңына айналды. Бұған дейін мұндай саммиттер Қытай, Ресей, АҚШ, Еуропалық одақ және басқа да мемлекеттердің қатысуымен жоғары деңгейде өткен.
Италия тарапы Орталық Азияны энергетика, логистика, инфрақұрылым және жаһандық сын-қатерлерге қарсы күрес салаларында маңызды әріптес ретінде қарастырады. Бүгінгі саммит қорытындысы бойынша көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
- Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй аукционға шығарылды 14:33
- Елімізде 13,5 млн тонна астық бастырылды 14:25
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:10
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51
- Астанада «ГАЗель» толық өртеніп кетті: Тағы екі көлік зақымданды 13:29
- Математиктер 90 жыл шеше алмаған есепті OpenAI шешті 13:06
- ADCB Kazakhstan қаржыландыру көлемін 3 есе арттырады 12:45