Астанада өрт сөндірушілерге қызметтік жатақхана салынды
Өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметкерлер үшін қызметтік жатақхана салынған. Жатақхана қысқа мерзімде тұрғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі қабатты ғимарат 11 бөлмеден тұрады, әрқайсысында күнделікті тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Қонақ бөлмесі, ас үй және террассалар толығымен жабдықталған. Тұрғын үйде барлық тұрмыстық техника және кондиционерлер бар.
Жатақхана жобасының авторының айтуынша, жайлы өмір сүру және демалу жағдайлары жасалған, жаңа қоныс иелері тек көшіп келсе болғаны.
Айта кетейік, жатақханада қызметкерлердің отбасылары тұрып жатыр, олардың саны 27 адам, оның ішінде 7 бала.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы