Астанада өрт сөндірушілер тұрғын үйді өрттен қорғап қалды
Астанада Байқоңыр ауданында Гастелло көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде үйге бекітілген шаруашылық құрылыста өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Сонымен қатар құтқарушылар қауіпсіз аймаққа бір газ баллоның алып шықты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Израиль солтүстік-шығыс Ливанға соққы жасады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы