Кеше 2026, 20:26 Фото: ТЖМ

Астанада өрт кезінде 36 адам құтқарылды

Астанада көпқабатты үйдегі пәтер өртенді.

Бүгін Астананың Алматы ауданында Манас көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үй кешенінің 4-қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенді.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына бірден кірісті.

Құтқару жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Сонымен қатар ғимараттан 30 адам эвакуацияланды. Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Айта кетейік, елорлада құтқарушылар жанып жатқан коттеджден бір баланы аман алып қалған еді.