Астанада өрт кезінде 3 баласынан айырылған әйелдің жағдайы белгілі болды
Есін жиған науқастың жағдайы әлі де ауыр.
Астанадағы өрттен зардап шеккен әйел есін жиды.
Астанада өрт кезінде 3 баласынан айырылған әйел есін жиды. Бірақ ол есін жиғанымен, науқастың жағдайы әлі де ауыр, - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйде болған. Өрт 15-қабаттағы пәтерден шыққан. Сол сәтте пәтерде отбасы болған.
Оқиға салдарынан үш бала қаза тапты. Өрт сөндірушілер қаза болған балалардың анасын құтқарып, күйік жарақатымен ауруханаға жеткізді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетімен шыққан.
Бұған дейін аталған өрт салдарынан үш баланың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ, дәрігерлер үш баласынан айырылған ананың жағдайы ауыр екенін айтты.
Одан кейін қайғылы сәттің куәгері болған әйел өрт басталған бетте түн ішінде қалай оянғанын баяндады.
Қақпаның алдына көлігін қойған жүргізуші жазаланды.