Астанада оқушылардың сабақтары қысқартылды

Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Басқарма мәліметінше, астаналық оқушылардың сабақ уақыты 35 минутқа дейін қысқартылды. 

Құрметті ата-аналар және оқушылар! Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайларын ескере отырып, екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды. Сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы