Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы басталды

Өңірлік баспа басылымдарының жұмыс деңгейін арттыру мәселелері бойынша форум басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25-26 қаңтарда Астана қаласының «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өңірлік мерзімді басылымдарының жұмыс деңгейін арттыру мақсатында форум ұйымдастырылады. 

Іс-шараның ұйымдастырушысы - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Форумда журналистік материалдарды жазудың жанрлық түрлері мен стилистикасы, дәстүрлі және жаңа медиа, аймақтық БАҚ-ты дамыту, медиа кеңістіктегі мемлекеттік тіл мәселелері, конвергентті журналистика, басылымдардың сапасын арттыру және аудиториясын кеңейту, оларды оқырманға уақытылы жеткізу мәселелері талқыланатын болады. 

Форумның қатысушысы баспа БАҚ саласында тәжірибе және кәсіби идеялармен алмасу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ журналистік зерттеулер жазу, әлеуметтік желілер мен сайттарды сауатты жүргізу, редакцияның жұмыс деңгейін арттыру дағдыларын жетілдіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы