Астанада олимпиадалық спорт түрлері қалай дамып келеді?

Бұл жайында Астана қаласы әкімдігінің "Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ басшысы Олжас Әкімов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімовтің мәлімдеуінше, Астанада спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамытуды қарқынды жүргізіп жатыр. Спортшылар спорттың 55 түрінен дайындалады, оның ішінде 33 жазғы олимпиадалық спорт түрі болса, 6 қысқы олимпиадалық спорт түрі, 8 паралимпиадалық және 8 сурдлимпиадалық спорт түрі бар.

Дирекцияның контингенті - бұл үш жас категориясынан құралған спорт түрлері бойынша команда жасақталған. Олар жастар, жасөспірімдер және ересектер құрамалары. Команда құрамында 755 жасөспірім санатындағы спортшы, 568 жас спортшы, 514 ересек спортшы шеберлігін шыңдауда, - деді спикер Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінгі таңда қала құрамасында 1837 спортшы дайындалып жатыр. Атап айтар болсақ, жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен - 403 спортшы, қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен - 38 спортшы, паралимпиадалық спорт түрлерінен - 44 спортшы, сурдолимпиадалық спорт түрлерінен - 29 спортшы.

Құрама командалардың спортшыларын дайындаудағы басты мақсат – Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бас ресми жарыстарында, кешенді республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болу. Алдағы уақытта 19-шы Азия ойындары мен 23-ші Жазғы Олимпиада ойындары сияқты ірі кешенді шаралар жоспарланып отыр. Елордалық спортшылардың ішінде бокс, велоспорт, ескек есу және каноэ есу, әйелдер боксы, әйелдер күресі, үстел теннисі, жүзу, спорттық гимнастика, триатлон, заманауи бессайыс, спорттық құзға өрмелеу, көркем гимнастика, еркін күрес сияқты спорттың 13 түрінен 22 спортшы олимпиада лицензиясын жеңіп алуға үміткер, оның ішінде 15 спортшы олимпиада медалін жеңіп алуға үміткер болып отыр,- дейді Әкімов.

Ол Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп Азия ойындарына 19 спорт түрінен 45 спортшы, Пара Азия ойындарына 4 спорт түрінен 10 спортшы қатысуға үміткер екенін атап өтті. 

2023 жылдың 1-жартыжылдығында қала құрамасының спортшылары әртүрлі түрдегі 200-ден астам медаль жеңіп алды. Тек Қазақстан Республикасының чемпионаттарында спортшылар 133 жүлделі орын алды, республикалық деңгейдегі жарыстарда 25 медаль, халықаралық жарыстарда 46 медаль ұтты, - деді дирекция басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы