14 Қыркүйек 2026, 21:55 Фото: depositphotos.com

Астанада Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Астанада Нұрмағамбетов көшесінің бір бөлігі 15-17 қыркүйек аралығында уақытша жабылады.

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Қалдаяқов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаске уақытша жабылады. Көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады. Жөндеу жүргізілетін учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.