Астанада "Nur-SULTAN DUATHLON 2021" өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордалық ботаникалық саябақта әуесқойлар арасында "Nur-SULTAN DUATHLON 2021" жарысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Турнирге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысып, жарысқа қатысушыларды стартпен құттықтап, сәттілік тіледі. Іс-шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен елорданың триатлон федерациясы ұйымдастырды.
Қатысушылардың жасы 16 және одан жоғары болды. Жарысқа қатысуға барлығы 150 адам тіркелді.
Бірінші кезең-5 шақырымға жүгіру, екінші кезең-20 шақырымға веложарыс және соңғы кезең-2,5 шақырымға жүгіру.
Мәреге жеткен барлық қатысушыларға медальдар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс нәтижелері келесідей:
18-29 жас қыздар
1 орын-Гүлдана Мырзағұлова
2 орын - Динара Кузукенова
30-39 жастағы әйелдер
1 орын - Светлана Думовских
2 орын-Динара Қапарова
3 орын-Жұлдыз Уегинжанова
40-49 жастағы əйелдер
1 орын - Жамилия Ақмолдаева
2 орын - Ирина Салукова
3 орын - Инна Вишнякова
50 жастан үлкен əйелдер
1 орын - Татьяна Прилукова
2 орын - Валентина Титовская
18-29 жастағы ерлер
1 орын - Әлімжан Балтабек
2 орын - Алексей Мешалкин
3 орын-Дмитрий Луканов
30-39 жастағы ерлер
1 орын - Иван Андреев
2 орын-Юрий Нечитайлов
3 орын-Николай Чирик
40-49 жастағы ерлер
1 орын-Еділ Үрімбаев
2 орын - Ержан Біржанов
3 орын-Андрей Герасименко
50 жастан асқан ер адамдар
1 орын - Виктор Бондар
2 орын-Сергей Кузнетсов
3 орын-Қайырбек Тулушев.