Астанада неге әуе рейстері кешігіп кетті? - вице-министр түсіндірді
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев елімізде әуе рейстері неге кешігіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тамыз айында бірнеше әуежай ремонтқа жабылды. Мәселен, Астана әуежайы түнде жұмыс істемейді. Сол себепті рейстердің саны күндіз көбейе түсті. Егер Астана әуежайы 24 сағат жұмыс істегенде сағатына 10-12 рейс ұшатын еді, ал бүгінгі таңда күндіз 20-25 рейске дейін ұшады, – деді Ластаев.
Вице-министрдің сөзінше, жақында жауған бұршақ салдарынан бірнеше әуе кемесіне зақым келген.
Бүгінгі таңда қазақстандық әуе компанияларда 101 ұшақ бар. 10 ұшақ жұмыс істемеген еді, оның бесеуі бұршақ жауған кезде істен шықты. Сол кезде рейстердің кешігуі көбейіп кетті. Бірақ қазір бәрі жөнделіп, ұшуға кірісті, – деді Талғат Ластаев.
Ол қазіргі таңда Астана әуежайынан бөлек Ақтөбе мен Ақтау әуежайларының ұшып-қону жолақтары жөнделіп жатқанын айтты.
Бұл, ең алдымен қауіпсіздік мәселесі. Бүгінгі таңда әуежайлар қысқа дайындалып жатыр. Мысалы, Астана әуежайына 20 жыл құрылыс жұмыстары жүргізілмеген. Келесі айдың ортасына дейін жолақтарды жөндеу жұмыстары аяқталуға тиіс. Сол кезде рейстің кешігу мәселесі қалпына келеді, – деді көлік вице-министрі.