Астанада навигациялық жүйенің көмегімен үш бірегей операция жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада алғаш рет №2 қалалық көпбейінді аурухана базасында белгілі мәскеулік дәрігер Олег Сапельников аритмология бойынша мастер-класс өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Мастер-класс аясында елордалық дәрігерлер Мәскеудегі әріптестерімен бірге жүйе ырғағының күрделі бұзылуы бойынша үш ерекше операция жасады: жүрекше фибрилляциясы және жүрекше трепетаниясы.
Операциялар Boston Scientific (АҚШ) компаниясы шығарған «RYTHMYA HDX» навигациялық жүйенің көмегімен жүзеге асырылды. Бұл жүйе ТМД елдерінің аумағындағы жалғыз жүйе болып саналады. Медициналық аппарат жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын жоғары тиімділікпен жоюға мүмкіндік береді және рентгенді пайдалануды азайтады.
Осындай күрделі операцияларды өз ауруханамызда жасағанымызға қуанамын. Бұл - асқан ептілікті қажет ететін өте күрделі операциялар. Аритмологтар командасының арқасында осындай үлкен қадамдар жасалуда, - деп атап өтті №2 МГБ медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары Б.Ешмұратов.Интервенциялық кардиология және аритмология бөлімінің аға ординаторы Т.Есеновтің сөзінше, 3 науқасқа операция жасалды.
Біз 43, 53 және 59 жастағы үш науқасқа операция жасадық. Операциялар 2-3 сағатқа дейін созылды. Олар аз инвазивті және пациенттер үшін оңалту кезеңі іс жүзінде қажет емес. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты, оларды жақын күндері шығару жоспарланып отыр, - деп түсіндірді ол.
Өз кезегінде пациент Н.Иванникова дәрігерлерге үлкен еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді.
Тәжірибелі дәрігерлердің оқуды тоқтатпайтынына және оқудан ұялмайтынына ризамын. Мұндай мастер-класстар өте маңызды. Оқу ешқашан кеш емес. Әсіресе Чазов атындағы орталықтың өкілдерінен. Мұндай бақыт маған бұйырып, операция жасалды. Ертең үйіме қайтамын, бәріне алғысымды білдіргім келеді, - деді науқас.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биатлоннан Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері анықталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы