Астанада Наурыз мейрамына дайындық қалай жүріп жатыр

21-22 наурызда елорданың алты ауданындағы тұрғын алаптарда ересектер мен жасөспірімдерге арналған интерактивті концерттік іс-шаралар өтеді. BAQ.KZ тілшісі осы іс-шараларға дайындық қалай жүріп жатқанын бақылап қайтты.

21-22 наурызда 6 ауданда тұрғындар үшін шығармашылық ұжымдар мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар өтеді. Сондай-ақ, спорттық ойындар мен арнайы тақырыптық фотоаймақтар ұйымдастырылады.

21-23 наурыз күндері Байқоңыр ауданында мына орындарда ашық аспан астында концерт өтеді:

  • 21 наурыз сағат 12:00-ден бастап – Қазқалашық тұрғын алабы, Досмұхамедұлы көшесі, 2.
  • 22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап – Өндіріс тұрғын алабы, Ақбидай көшесі, 6.
  • 22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап – Кирпичный тұрғын алабы, Жолымбет пен Чехоев көшелерінің қиылысындағы орталық алаң.
  • 23 наурыз сағат 13:00-ден бастап – Қоянды саяжай алабы, ЭКСПО орталығы алаңы.

Есіл ауданы бойынша мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 12.00-де Пригородный тұрғын алабындағы Арнасай көшесі 127, №24 орта мектебінде өтеді.

Нұра ауданында 21 наурыз күні мереке Үркер тұрғын алабына өтеді. Айғыржал көшесіндегі саябақта сағат 12:00-де киіз үйлер тігіліп, спорт алаңдары мен ұлттық тағамдар ұсынылатын жәрмеңке ұйымдастырылады.

Сарыарқа ауданында мына орындар белгіленді:

  • 21 наурыз күні Көктал саябағында (С.Бейбарыс көшесі) сағат 11.00-де спорт ойындары басталады, сағат 12.00-ден бастап концерттік бағдарламамен жалғасады.
  • 21 наурыз күні Қорғалжын саябағында (Қайнар көшесі) сағат 11.00-де Ұлттық спорт ойындары, ары қарай сағат 12.00-де концерттік бағдарлама өтеді.
  • 22 наурызда Агроқалашық елді мекенінде (Жалын және Қазығұрт көшелерінің қиылысы) сағат 11.00-де ұлттық спорт ойындары, ал сағат 12.00-де концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Алматы ауданы бойынша 21 наурыз күні сағат 12.00-де Теміржолшылар тұрғын алабында концерттік бағдарлама басталады.

Сарайшық ауданында мына орындар белгіленді:

  • 21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12:00-де – Интернациональный тұрғын алабы.
  • 21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12.00-де – Мичурино тұрғын алабы.
  • 21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12.00-де – Күйгенжар тұрғын алабы.
  • 22 наурыз, концерттің басталуы сағат 12:00-де – Промышленный тұрғын алабы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы