Кеше 2026, 21:55 Фото: pexels.com

Астанада Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көше ішінара уақытша жабылады

Жолдың уақытша жабылуына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Астанада М. Тынышбаев көшесінің А. Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осыған байланысты, 30 мамыр мен 2 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, – деп жазылған хабарламада.

 
 
Жол жабылады, Астана, Тынышбаев көшесі, 30 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2026 14:56