7 Қараша 2023 2023, 10:50
Фото: - архив
Астанада мұғалімдерге 2 ай бойы жалақы төленбеген
Елорда прокуратурасы мұғалімдердің конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда прокуратурасы мұғалімдердің конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуратурасы талдау барысында мектеп мекемесінің 133 мұғалімі мен жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын бұзғанын анықтады.
2 ай бойы оларға жалақы төленбеген, бұл олардың Конституциямен кепілдендірілген құқықтарының бұзылуына әкелді.
Енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мектеп қызметкерлеріне 41 млн теңгеден астам жалақы төленді, жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.