Астанада монша кешенінде өрт шықты

Астаналық құтқарушылар монша кешендерінің бірінің аумағында өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткеннен кейін монша кешенінің аумағында екі моншаның өртеніп жатқаны анықталды.

Құтқарушылар күштерімен өрт оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы