12 Қазан 2024 2024, 21:15
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада мейрамхана өртенді
Астанада Сарыарқа ауданы Мамбетова көшесінде орналасқан екі қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада Сарыарқа ауданы Мамбетова көшесінде орналасқан екі қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ал өрт ошағы ас үй бөлмесінде болды.
Ғимаратта адамдар жоқ. Өрт сөндірушілер қауіпсіз аймаққа үш газ баллонын шығарды. Өрт оқшауланды, - делінген мәліметте.