Бүгiн 2026, 20:46 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада мешітте намаз оқып тұрған адамның телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды

Астанада мешітке келушінің ұялы телефонын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға елордадағы мешіттердің бірінде болған. Полиция мәліметінше, күдікті мешітте түнеуді жоспарлап жүрген. Сол сәтте келушілердің бірі намаз оқып тұрған кезде оның жанында қалған сөмкесінен iPhone 13 маркалы ұялы телефонды жасырын түрде алып кеткен.

Ұрлық жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан бой тасалаған.

Алайда оның әрекеті мешіт аумағында орнатылған бейнебақылау камераларына толық түсіп қалған. Жазбаларды зерделеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, көп ұзамай оны қолға түсірді.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы ер адам ұсталған.

Күдікті ұсталды. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды,-деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.