Бүгiн 2026, 20:46
Фото: Видеодан кадр
Мешітте әйелдің 1 млн теңгелік күртесін қолды еткен адам ұсталды
Астанада мешітте 1 млн теңгелік Moncler күртке ұрланды.
Астана қаласындағы мешіттердің бірінде қымбат киім ұрлау дерегі тіркелді.
Белгісіз адам әйелге тиесілі шамамен 1 млн теңге тұратын Moncler күрткесін алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол еркін қолжетімділікті пайдаланып, киім шешілетін дәлізден затты жасырын алып шыққан.
Полиция күдіктіні анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары тұрғындарға қоғамдық орындарда жеке заттарға мұқият болуды ескертіп, күмәнді әрекеттер байқалған жағдайда 102 нөміріне хабарласуға шақырды.